• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2018

Алматыда «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» атты конференция өтті

632 рет
көрсетілді

Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығында «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының өкілдері қатысты.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беру стратегиясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық дәрежедегі іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Раиса Садвакасова Раиса ашып, қатысушыларға құттықтау лебізін білдірді. Конференция барысында ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариатының ОАББ аймақтық эксперті Атанасия Стоянова Қазақстандағы көптілді білім беру мәселесіне қысқаша тоқталып өтті.

Конференцияға қатысушыларды ELS, RELO АҚШ елшілігінен Эн де Уилд, Томас Робб, Сидико Сабони, Марк Дорр, Нэнси Аклистер ғаламтор арқылы қашықтықтан құттықтап, әлемдік дәрежедегі келелі мәселені көтеріп отырған алқалы жиынға сәттілік тіледі. Конференция жұмысына ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың ОАББ аймақтық менеджері Гюльназ Саирова, қалалық әдістемелік орталықтың әдіскері Аида Чемербаева және «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқармасының өкілдері   Исламгулова Анастасия, Анар Қасымбекова және т.б. қатысты.

Конференцияда заманауи білім беру жағдайында мұғалімдерді қайта даярлау үлгілерінің бірі ретінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оларға мақсатты тіл және тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) үйрету мәселесі тереңінен талқыланды. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін ұйымдардағы үштілді білім беруді дамыту үдерісінің сапасы оларды шешу мақсатында туындаған мәселелер мен ұқсас жағдайлар арқылы негізделіп анықталатыны сөз болды. Сондай-ақ орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерін оқыту, ұлттық мектептердегі көптілді білім беруді дамыту мәселелері, CLIL сабақтарында АКТ пайдаланудың тиімділігі қарастырылды.

Жиналғандар алдында ф.ғ.д., профессор. ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері Зейнеп Базарбаева, ф.ғ.к., (PhD «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ББҮППЖЕ кафедрасының аға оқытушысы Ақбота Қоңырова, Британ Кеңесінен аймақтық менеджер Екатерина Артемьева, п.ғ.к., СДУ профессор-ассистенті Давран Гаипов, п.ғ.к., доцент, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ИТжҒЖ (Г)ПОӘ кафедрасының меңгерушісі Алия Арзиева, АҚШ ерлшілігінің RELO оқытушысы Vanda Simpson осы бағыттарда баяндама жасады.

Сондай-ақ, бұл күні әлемдегі көптілді білім беру мәселесі де қарастырылып, алқалы жиынға жиналғандар алдында ғаламтор арқылы Швейцария, Норвегия, Доминикан Республикасы, Бельгия, Жапония/АҚШ, Бахрейннен ағылшын тілі оқытушыларының қашықтықтан таныстырылымына да кезек берілді.

Пленарлық мәжілістен кейін «Үштілділік – көптілді тұлғаны қалыптастыру негізі», «Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту (CLIL – Content and Language Integrated Learning) әдістемесін енгізудегі және дамытудағы өзекті мәселелер)», «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерін оқыту», «Ұлттық мектептерде көптілді білім беруді дамыту», «CLIL сабақтарында АКТ пайдаланудың тиімділігі» тақырыптарында қаладағы жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің күшімен ұйымдастырылған секциялық мәжілістер де өз дәрежесінде өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстан Республикасындағы орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беруді дамыту бойынша жұмыстарды жетілдіру;    пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) қолдану бойынша жұмыстарды жалғастыру;    Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін АКТ кіріктіре отырып оқытуға баса назар аудару;          ұлттық мектептердегі үштілді білім беру саласының жұмысын жетілдіру; халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар, форум, шебер-сыныптарын өткізу арқылы тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;       үштілділікті күндізгі-қашықтықтан оқыту форматында енгізу мәселелері бойынша шетелдік серіктестермен қызмет етуді дамыту;  mass media арқылы үштілді білім беру жағдайында пән мұғалімдерінің озық практикалық және инновациялық тәжірибелерін топтастыру және таратуға байланысты ұсыныстар қабылданды. 

Конференция соңында іс-шараға белсене қатысқандарға арнайы сертификаттар табыс етілді.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ